Cенаторлар Түркістан облысындағы жаңадан салынған үйлердің сапасымен танысты. Сондай-ақ жастардың баспаналы болуы үшін осы салада қордаланған мәселелерді талқылады. Айта кетейік өңір аумағында жыл соңына дейін 790 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыру жоспарланған. Қазір оның 432 мың шаршы метрі пайдалануға берілген.