Еліміздегі жылыжайлардың 80%-ы Түркістан облысында шоғырланған. Алайда, жергілікті жылыжайдағы өнімдерге сұраныс аз. Себебі көрші елдерден келетін арзан тауарлар өңірдегі өнімнің өзіндік құнын төмендетіп отыр. Бұл - сарыағаштық шаруалардың мұңы. Әсіресе қияр мен қызанақ өсірушілердің өкпесі қара қазандай.