Түркістан
EN

Жыртқыш аң 50 шақты қойды қырып кеткен

99
20.12.2023

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданында 50 шақты қой белгісіз себеппен қырылған. Оқиға орнына бірден жедел тергеу тобы жетті. Тексеріс барысында өлген қойларды белгісіз жыртқыш аң талағаны анықталған. Өлекселер тырналып, тістелген, тамағы орылған. Ал біреуі жартылай желінген. Полицейлер қойға иттің тигенін бірден жоққа шығарды, өйткені қораға жабайы аңның кірген ізі сайрап жатыр. Аудандық полиция бөлімінің басшысы Марат Серкешевтің айтуынша, қора маңындағы 500-600 метр жерді қарау кезінде сілеусінге ұқсайтын аңның іздері табылған. Жалпы материалдық шығын шамамен 1 млн теңге шамасында. Қазір тергеу жүріп жатыр.