Кентау қаласында қатты желдің салдарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Жарықтың сөніп қалуынан жылу энерго орталығындағы қазандықтар өшіп, қайта іске қосылған болатын. Салдарынан қалада жылу температурасы төмендеп кетті. Сапалы жылуға қол жеткізе алмаған тұрғындар қосымша электр пештерін тұтынып отыр. Мәселе қалай шешілмек? Қазір жылу энерго орталығында әріптесім Нұрдәулет Сыздық та жүр.