Биыл республика көлемінде 90 жаңа денсаулық сақтау нысаны салынды, оның ішінде 59-ы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жүзеге асқан. Тағы 80 медициналық мекеме жөнделіп, 4 көпсалалы орталық аудандық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Бұл туралы еліміздің денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, барлығы 4 млн пациент дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, шамамен 3 млн-ға жуық ауыл тұрғыны жалпы профилактикалық тексерулермен қамтылған.