Рейстердің кешігуі де қалыпты әдетке айналып барады. Оған қолайсыз ауа райы ғана себепші емес. Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов осылай деді. Сондай-ақ, авиация саласындағы шұғыл шешімді қажет ететін мәселелерді атады. Оның бірі– «авиаотын тапшылығы. Ол жылына шамамен 300 мың тоннаны құрайды. Бұл тапшылық импорт есебінен жабылып келеді. Мәселені шешу үшін отын жеткізу каналдарын әртараптандырып, оны сақтауға арналған тиісті инфрақұрылымды дамыту қажет» деді,-Үкімет басшысы. Әсіресе бұл салада мамандардың аз екендігін ашып айтты. Онымен қоса ұшақ кешігуінің жиілеп кеткенін сынға алды.