Түркістан
EN

Шардарада 6-8 ғасырға тиесілі тарихи жәдігерлер табылды

136
18.10.2021

Шардара су қоймасы талай сырды бүгіп жатыр. Биыл қуаңшылық болып судың тартылуы себепті тарихи жәдігерлер жағалауға шығып қалған. Осыны тиімді пайдалану мақсатында Шардара ауданының әкімдігі экспедициялық қазба жұмыстарын жүргізуді бастап кетті. Ақтөбе-2 деп аталатын тарихи тұрақта қыш құмыралар, қыштан жасалған кәріз жүйесінің бөлшектері мен адам сүйектері табылды. Археологтардың болжамы бойынша, қазып алынған заттар 6-8 ғасырларға тиесілі. Тарихшылар бұған дейін Қараханид дәуіріне жататын қалашықтар мен қорымдарды тапқан.