Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында жер сілкініп, көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты. Айта кетсек, Қытайдың Ганьсу және Цинхай провинцияларында қуатты жер сілкінісі тіркелді. Салдарынан 118 адам көз жұмып, тағы 500-ге жуық адам жарақат алған. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, зілзаланың қуаты 6,2 баллға жеткен. Қазір жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіз жерлерге көшіріп жатыр. Ал құтқарушылар бригадасы үйінді астында қалған адамдарды шұғыл іздеуге кірісті.