Түркістан
EN

Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда әуежайлары инвесторларға сенімгерлік басқаруға беріледі

105
19.12.2023

Үкімет отырысында еліміздің бірнеше әуежайын жекенің басқаруына беру мәселесі талқыға түсті. Көлік министрінің айтуынша, Ақтөбе, Түркістан және Қызылорда әуежайлары жаһандық ірі инвесторларға басқаруға беріп, мемлекет қаржысын үнемдейді екенбіз. Мәселен, Қарағанды әуежайында инвестор ұшу-қону жолағын және қажетті арнайы техниканы жаңартпақ. Ал бұл жұмыстарға 2 млрд 400 млн доллар  инвестиция шетелдіктерден тартылған.