Түркістан
EN

Шымкентте ғимарат опырылып, видео түсірмек болған жігіт үйінді астында қалды

38
19.12.2023

Шымкентте қараусыз қалған ғимарат опырылып 18 жастағы жігіт мерт болды. Оқиға кеше кешкі сағат 20:00 шамасында болған. Төтеншеліктердің мәліметінше, «Фосфоршылар сарайында» жалпы үш адам болған. Оның екеуі 3 қабат құлағанда сыртқа қашып үлгерген. Кейін зардап шеккендердің бәрі — Орта Азия медицина колледжінің екінші курс студенттері екені анықталды. Қазіргі таңда оқиға орны мұқият тексеріліп жатыр. Ал қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің айтуынша, марқұм ғимарат ішіне видео түсіремін деп кірген болуы мүмкін.