Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстанның көк туы Біріккен Араб Әмірлігінде желбіреді. Қазақстандық марафоншы Ғани Темірәліұлы Абу Даби қаласында өткен халықаралық марафонда ел байрағын көтеріп, жүгіріп өтті. Спорттық сайысқа әлемнің 168 ұлт пен ұлысынан 25 мыңға жуық спортшы келген. Желаяқтар жарысы 2023 жылы әлемдегі ең маңызды спорттық сайыстардың бірі атанды. Жарыстың ерекшелігі неде? Толығырақ тілші тарқатсын.