Түркістан
EN

Елімізде 350 мың адам құмар ойынының құрығына іліккен

94
19.12.2023

Өткен жылы елімізде 44 мыңнан астам жұптың шаңырағы шайқалған. Солардың жартысынан астамына ойынқұмарлық дерті себеп болған. Ал тұтастай алғанда елімізде 350 мың адам лудомания дертіне шалдыққан. Бұл туралы Түркістан қоғам қайраткері Жан Ақжанов пен мектеп өкілдерінің қатысуымен өткен лудоманияға қарсы семинарында айтылды. Мамандар құмар ойынға құштарлық тіпті ген арқылы да ұрпақтан ұрпаққа берілетінін де айтты. Сондықтан білім ордаларында оған қарсы іс-шаралар барынша көбейту керек дейді сала өкілдері.