Түркістан қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп қабырғасында сот отырысы өтті. Онда сот есірткі сақтаған азаматтың ісін қарады. Ондағы мақсат - өскелең жастың қылмысқа және есірткіге бой алдыруына тосқауыл қою. Жалпы, оқиғаға келсек, қарашаның 25-і күні теміржол маңайынан желілік полиция қызметкерлері иісшіл иттің көмегімен қалтасына есірткі салған азаматты ұстаған. Мектеп қабырғасында осы оқиғаға қатысты іс жан-жақты сараланды. Сот отырысында жазаланушы 3 топтағы мүгедек екені, бұрын сотты болмағаны және кінәсін толық мойындап, кешірім сұрағаны ескерілді. Нәтижесінде сот оған 190 мың теңгеден астам айыппұл салды.