Түлкібаста ауа райына байланысты 1 келіншекті ауылдық аурухана дәрігерлері босандырды. Өткен тәулікте Түлкібас ауданында бұрқасын қардан орталыққа жете алмау қаупі төнген 9 жүкті әйел аудандық ауруханаға эвакуацияланған. Ал бір келіншек ауа райының қолайсыздығына байланысты Састөбе ауылдық ауруханасына жеткізілді. Төртінші жүктілікпен түскен әйелде толғақтың жиіленуіне байланысты ауылдық дәрігерлер тез шешім қабылдап, босандырып алды. Дүниеге келген қыздың салмағы 3 келі. Қазір ананың да, баланың да денсаулығы жақсы. Олар Түлкібас аудандық орталық ауруханасына жеткізілген.