Түркістан облысының құтқарушылары боран басталғалы аязда қалған 300-ден астам азаматты құтқарды. Сонымен қатар жолда қалған 3 жүкті әйелді ауруханаға дер кезінде жеткізді. Зардап шеккен жандарға көмек көрсету әлі де жалғасып жатыр. Бүгінде 3 жылыту пункті іске қосылған. Онда тәртіп сақшылары 165-ке жуық адамды оның ішінде 30-дан аса баланы эвакуациялады. Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды қолайсыз ауа-райында және тәуліктің қараңғы уақытында алыс жолдарға шықпауға шақырады. Жолдардың жай-күйі туралы «Дәрмен» мобильді қосымшасынан білуге болады. Қар құрсауында жолда қалып қойған азаматтар 8-725-33-5-78-97, 102 жедел желілеріне хабарласу керек.