Түркістан
EN

Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

174
15.12.2023

Жамбыл облысында ауа райына байланысты төтенше жағдай жарияланып, республикалық маңызы бар автожолдар жабылды. Өңірде 13 желтоқсаннан бастап жедел штаб құрылып, жұмыстар жүргізуде. Ал құтқару жұмыстарына 117 арнайы техника, 103 адам жұмылдырылған. 1279 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Олар Қордай ауданындағы 6 жылыту пунктіне орналастырылды. Әлі де қар құрсауында қалып отырған көліктердің саны нақтылануда. Төтенше жағдай салдарынан «Шу Отар» учаскесінде 11 жолаушылар пойызы тоқтап тұр, олардың әрқайсысында орташа есеппен 500-700 адамнан бар. 12 жүк пойызы өз уақытынан кешігуде. Ал облыстың 4 ауданы электр қуатынан ажыратылған.