Түркістан облысының жастар саны 650 мыңнан асады. Олардың қатарында арманы асқақ, өресі биік, мақсаты зор Тәуелсіздік құрдастары жетерлік. Солардың бірі Нұрсұлтан Нұрдинов. Дарынды жас бүгінде Халықаралық Қазақ-Түрік университетінде жауапты қызмет атқарып келеді. Тәуелсіздік құрдасы елмен бірге өсіп, өніп келе жатқанын мақтан тұтады.