Түркістан
EN

Кентауда қатты желдің салдарынан ғимарат шатырлары ұшып жатыр

75
14.12.2023

Кентау қаласында қатты желдің салдарынан бірнеше ғимараттың шатыры ұшып кетті. Сондай-ақ электр желілері үзіліп, халық жарықсыз қалған. Нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйлерде жылу температурасы да төмендеп, жұрт әбігерге түскен. Ал,«Қазгидромет» мамандары секундына 25-30 метрге дейін ұйытқыған жел ертеңге дейін тоқтамайтындығын айтып отыр. Жергілікті әкімдік коммуналдық саладағы туындаған мәселелерді қалпына келтіру бойынша тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.