Оңай олжаға кенелгісі келген түркістандық екі тұрғын Шымкентте ұсталды. Олар 100-ге жуық құсты заңсыз аулап сатумен айналысқан. Ал сатылымға шығарған «тауарларын» арнайы торға қамап, өздеріне тиесілі көліктердің жүк салғышына жасырып келген. Әр құсты 1000 теңгеге бағалаған. Заң бұзушыларды табиғатты қорғау тобының инспекторлары жабық базарда сауда жасап тұрған жерінде ұстады. Азаматтарға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 382-бабы «аң аулау қағидаларын бұзу» және 204-бабы «Белгіленбеген орындарда сауда жасау» бойынша хаттама толтырды.