Түркістан
EN

Кентаудағы жылу орталығы қайта іске қосылды

102
14.12.2023

Кентау қаласында жылу энерго орталығының төрт қазандығы істен шығып, жұрт жылусыз қалған. Оған жылу орталығына келетін жарықтың сөніп қалуы себеп болған. Осының кесірінен көпқабатты тұрғын үйлер мен мекемелерде жылу берілуі төмендеп кеткен. Айта кетейік, Үкіметтен биыл орталықтың күрделі жөндеу жұмыстарына 13 млрд 700 млн теңге бөлінген болатын.  Жылу орталығы қайта жаңартылып төрт қазандық күрделі жөндеуден өтті. Қаланың жылуға жауапты мамандары қазір энерго орталық қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатқандығын айтады.