Бүгін еліміздің басым бөлігінде аяз болады. Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің батысында қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын соғады. Қазгидромет осылай мәлімдеді. Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрып, Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда тұман түседі. Ал жалпы Қазақстан бойынша жел күшейеді. Түнде солтүстікте, Алматы, Жамбыл облыстары мен Жетісу облысының таулы аудандарында 33-38°С аяз болады. Түркістан облысының таулы асуларында кей уақытта өте күшті жел соғып, жылдамдығы секундына 30 м/с-ке жетеді немесе одан да жоғары болады деп күтілуде.