Шымкенттік полицейлер 17 пәтерді тонап кеткен екі ұрыны ұстады. Олар көбіне домофондары дұрыс істемейтін көпқабатты үйлерде арам ойларын жүзеге асырған. Полицейлер әзірге күдіктілердің 17 пәтер ұрлығына қатысы бар екенін анықтады. Екеуі де бұған дейін ұрлық үшін сотталған екен. Түрмеде танысып, бостандыққа шыққан соң үйреншікті істерін жалғастырған. Олар полицейлерге өздері тонаған пәтерлердің мекен жайын көрсетіп, қылмыстарын мойындады. Күдіктілердің іс-әрекетіне байланысты қылмыстық іс қозғалып, прокуратураның қарауына жолданды.