Түркістан
EN

Тағы бір қазандық іске қосылды

139
13.12.2023

Кентаулық тұрғындардың жағдайы - басты назарда. Өйткені биыл ғана жөндеуден өткен жылу орталығының «жылуы» жұртқа жетпей жатыр. Оның үстіне күн күрт суып, тұрғын үйлердің іші жылымай, азынап кеткен. Осыға орай, облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов кентаулықтардың жай-күйімен танысып, үйлерді аралады. Жылуға қатысты мәселелерді тыңдап, жауаптыларға кем-кетіктерді жоюға тапсырма берді. Бұған дейін орталықта 3 қазандық жұмыс істеп тұрса, енді тағы біреуі іске қосылды. Одан бөлек, орталық қызметкерлері жылу деңгейін көтеру үшін тиісті жұмыстарды қолға алғанын мәлімдеді.