Түркістан облысының таулы аймақтарында бұрқасын жел басталып, күн райы күрт өзгерген. Кей жерде қалың қар басса, кей жолдарға мұз қатқан. Күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқан патрульдік полиция батальоны кеше кешкісін жолда адасып кеткен бірнеше жеңіл көліктен жолаушыларды құтқарды.