Түркістан
EN

Түркістан облысындағы мектептер онлайн оқытуға көшті

143
13.12.2023

Түркістан облысының бірқатар білім беру ұйымдары онлайн оқуға көшті. Өңірдің таулы аймақтарында бұрқасын жел басталып, күн райы күрт өзгерген. Нәтижесінде 508 білім ұясының 240 мыңнан астам оқушысы қашықтан оқытылуда. Олардың басым көпшілігі толықтай онлайнға өтсе, кей аудандардағы бастауыш сынып оқушылары ғана қашықтықтан білім алады. Ал, Мақтаарал, Төлеби, Шардара аудандарының білім беру ұйымдары офлайн форматта оқуды жалғастырып жатыр. Онлайн сабақ 13-15 аралағында 3 күнге жалғаспақ.