Түркістан
EN

Ұлттық қор – балаларға: Келесі жылы 200 мыңнан астам бала қаражатын пайдалана алады

51
13.12.2023

Келер жылдан бастап Ұлттық қор жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балаларға аударады. Бүгінде елімізде осы қаражаттан үмітті кәмелет жасына толмаған 7 миллионға жуық бала бар.  2024 жылы шамамен оның 200 мыңнан астамы 18 жасқа толып, қаражатын рұқсат етілген тәртіп бойынша керегіне жарата алады. Нақтырақ айтсақ, жастардың тек оқу ақысын төлеуге және баспана сатып алуға ғана мүмкіндігі бар. Яғни, студент шағында ол қаражатты пәтер жалдауға, ем-домына, немесе өзге де шығындарына жарата алмайды. Жауаптылардың айтуынша, төлем жыл сайын доллар күйінде тек бір рет аударылады. Ол үшін ата-аналарға ешқандай есепшот ашудың керегі жоқ. Тек баланың ЖСН нөмірі болса жеткілікті. Ақшаның түсіп жатқанын сол жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы немесе электронды үкімет порталына кіріп тексеруге болады.