Төлеби ауданында 21 жастағы жігітті тоқ соғып қайтыс болды. Оқиға Жоғарғы Қасқасу ауылында болған. Тұрғындардың айтуынша, өрімдей жастың өліміне ескірген электр желілері себеп. Бағаналардың орнатылғанына 50 жылдан асқан. Көбі қалың баудың арасында. Іріп шіріген бағандар жел тұрса, құлайды. Ауыл тұрғындары жоғары кернеулі электр желісін көше бойымен жүргізуді талап етіп отыр.