Түркістан
EN

Ақындар айтысы өз мәресіне жетті

146
12.12.2023

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына арналған «Ер түріктің бесігі» облыстық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Жыр бәйгесінде 16 айтыскер ақын бақ сынады. Нәтижесінде бас жүлдені арыстық ақын Нұрмахан Жақыпбек иеленді. Ал, жүлделі І орынды Төлебидің тумасы Аян Ниязбек алса, Отырар ауданының орақ ауыз, от тілді ақыны Дәурен Ақсақалов ІІ орынға жайғасты. ІІІ орынды Қажымұқан Абзалов, Анар Жаппарқұлова мен Ахметрасул Баянбай өзара бөлісті. Қатысушылардың бәрі де қаржылай сый-сияпатпен марапатталып, көрермен қошеметіне ие болды.