Түркістанның екі кәсіпорыны «Алтын сапа» сыйлығына ие болды. Олардың бірі еліміздегі брендке айналған «Эмир» және «Elita» ірімшік өнімдерін өндіруші «AYKAN» компаниясы мен жиһаз өндіруші «Asia Brand» кәсіпорыны. Енді бұл екі компания да ТМД-ның өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы байқауына қатысады. Айта кетейік, биыл «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауларға республика бойынша 1,3 мыңнан аса кәсіпорын қатысты. Соның ішінде 27 финалист онлайн-дауыс беру кезеңіне өтті. Соңғы кезеңде жеңіске жеткен 9 дипломант енді байқаудың эмблемасын төрт жыл бойы жарнамалық мақсатта пайдалану құқығын алады.