Түркістан
EN

Қазақстанда 44 градусқа дейін аяз болады

56
12.12.2023

Еліміздің басым бөлігінде 44 градусқа дейін аяз болады. Қазгидромедтің болжамынша, қолайсыз ауа райы солтүстік және батыс өңірлерде апта соңына дейін сақталады. Ал оның ызғары оңтүстік өңірлерде де сезілуде. Күннің суытуына байланысты бірқатар облыстарда жол жабылды. Нақтырақ айтсақ, 12 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 61 учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Ал солтүстік өңірлерде аяз күшейіп, түнгі уақытта ауа температурасы минус -32-35 градусқа дейін жетті. Желдің екпіні секундына 9-14 метр. Аязға байланысты бүгін еліміздің 7 қаласы мен 3 облысында оқушылар сабақты қашықтан оқитын болды. Ал Түркістанда бүгін  -16 градус аяз. Дегенмен рухани шаһардағы білім ордалары жұмыс істеп тұр. Қоғамдық көліктер де штаттық режимде қызмет етуде. Ал коммуналдық қызметтер жұмысын әдеттегідей жалғастырмақ.