Түркістан
EN

Тапқанын қайырымдылыққа жұмсайтын кәсіпкер

38
12.12.2023

«Маңдайы терлемегеннің қазаны қайнамайды». Ордабасылық кәсіпкер Рәш Жүсіптің өмірлік ұстанымы осындай. 90-жылдары кәсібін базардағы саудадан бастаған іскер әйел қазіргі таңда ірі сауда дүкендерінің иесі. 64 жастағы кәсіпкер ауданның қоғамдық жұмыстарына да белсене араласып, қайырымдылықпен айналысуды да әдетке айналдырған.