Түркістанда 7 кәсіпкерлік нысанында өрт қауіпсіздік талаптарын сақтамау фактісі тіркелген. Мұны қалалық төтенше жағдайлар қызметі мамандары анықтаған. Қазір шаһарда 47 қонақ үй, 22 хостел, 10 жатақхана жұмыс істейді. Деседе олардың дені протон газын дұрыс қолданбаса, енді бірінде ғимарат ішіндегі электр желісі дұрыс жабдықталмаған. Сала мамандары кәсіпкерлермен жүздесіп өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.