Қостанайдағы жарылыс салдарынан 12 адам зардап шегіп, 3 адам қаза тапты. Құтқарушылар үш адамның мәйітін үйінді астынан алып шықты. Өртті сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстарына 263 төтенше қызмет қызметкері мен 61 бірлік техника жұмылдырылды. Сондай-ақ еріктілер де өз көмектерін ұсынды. Оқиға салдарынан 7 жеңіл және 5 жүк техникасы, сондай-ақ жақын маңдағы 12 тұрғын үй зақымданған. Оқиғаға қатысты сотқа дейін тексеру басталды. Еске сала кетсек, Қостанайда газдың жарылуы салдарынан ғимарат опырылып, бірнеше адам үйінді астында қалған болатын.