Түркістан
EN

Қазақстан қызылша жұқтырғандар саны бойынша әлемдегі алғашқы үштікте тұр

139
11.12.2023

Қазақстан қызылша жұқтырғандар саны бойынша әлемде 3-ші орынға шықты. Тізімде Эфиопия мен Пәкістан Қазақстаннан төмен тұр. Алдымызда Йемен мен миллиардтаған халқы бар Үндістан ғана бар. Сонымен қатар Ресей де қызылша ауруы бойынша топ-10 елге кірген. Бұл деректерді АҚШ-тың Ауруларды бақылау орталығының мамандары жариялады. Статистика Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы ұсынған ай сайынғы мәліметтерге негізделген. Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі елімізде қызылшамен ауырғандар саны 20 мыңнан асып, эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделі екенін айтқан.