Еліміздің бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы «Түркістан» телеарнасына да табан тіреді. Ол түндігі енді ғана түрілген арнаны аралап, өз батасын да берді. Сондай-ақ, түркі әлемінің рухани астанасында орналасқан арнаның атқарар міндеті зор екенін де баса айтты. Себебі, бұл телеарна - түркі елдерінің ортақ медиалаңына айналатындығын алға тартты.