Қарағандыда кеншілерден ақша бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер “Қармет” кеншілерінен қорқыту, моральдық және физикалық қысым көрсету арқылы ақша алып келген. 15-ке жуық тінту іс-шараларының нәтижесінде тіркелмеген атыс және суық қарулар, сондай-ақ оқ-дәрілер мен діни әдебиеттер тәркіленді. Барлығы 10 адам ұсталып, олардың ішінде топтың көшбасшысы мен ең белсенді төрт мүшесі қамауға алынды.