Түркістан
EN

Ірі есірткі зертханасы жойылды

81
11.12.2023

Ішкі істер министрлігі синтетикалық есірткі дайындау бойынша ірі есірткі зертханасын жойды. Ұзақ мерзімді жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қарасай ауданындағы саяжай үйінің аумағында есірткі зертханасын ұйымдастырған екі ер адам ұсталды. Олардың бірі-шетел азаматы. Үй-жайды тінту кезінде 130 келі прекурсор, зертханалық жабдықтар және шамамен 12 келі дайын мефедрон психотроптық заты тәркіленді.