Келестік диқандар қақаған қысқа қарамастан қырыққабаттың мол өнімін алып отыр. Олар 30 гектар аумаққа қырыққабаттың Бухарест сортын еккен. Қазір 120 тонна өнімді жинап жатыр. Шаруалар шілде айының 15-не дейін жерлерін дайындап, күзгі қырыққабат дақылын еккен. Қазір олар қырыққабаттарды Тараз және Қарағанды қалаларына апарып сатып жатыр. Шаруа қожалығының төрағасы Айкен Абайұлының айтуынша, Оңтүстік өңірдегі күн райының жылылығы шаруалардың мол өнім алуына үлкен мүмкіндік болып тұр. Айта кетейік, Келес ауданының ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі осы жылдың тоғыз айында 56,6 млрд теңге болған.