Түркістан
EN

Түркістандағы 4 жасар сәбидің өлімінен кейін кәріз құдықтары жаппай тексеріліп жатыр

81
08.12.2023

Түркістанда 4 жасар баланың өлімінен кейін барлық аудан мен қаладағы кәріз құдықтарын полиция тексеріп жатыр. Бұл құқық қорғау органының құзіретіне кірмесе де облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы осындай шешім қабылдапты. Нәтижесінде тәртіп сақшылар 3 күн ішінде 266 беті ашық қалған кәріз құдығын анықтаған. Олар бойынша арнайы акт түзіліп, атқарушы органдарға хат жолдаған. Сондай-ақ Отырар ауданы бойынша беті ашық қалған 50 құдықшаның қақпақтары қайта қалпына келтірілді. Рейдтік жұмыстар барысында полиция қызметкерлері темір қабылдайтын орындарға барып, түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Қақпақ ұрлап сататындар мен заттың ұрланғанын біле тұра қабылдаушылар заң алдында жауап беретіндігін ескертті.