Түркістан облысында биыл 3 адам жұмыс орнында қайтыс болған. Оның 1-еуі өндіріс орнында жеке қауіпсіздік талаптарын сақтамаған болса, екеуінің өліміне жұмыс беруші тарап кінәлі болуы мүмкін. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық бақылау басқармасының басшысы айтты. Оның сөзінше, жыл басынан бері ешқандай еңбек жанжалы тіркелмеген. Алайда әлеуметтік шиеленістің туындау тәуекелі бар айлық жалақыны 100 000 теңгеден төмен төлейтін 147 кәсіпорын анықталып, олармен еңбек заңнамасының сақтау, жалақыны көтеру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.