Түркістан
EN

Қазығұрт: Бірнеше ауылға табиғи газ берілді

322
15.10.2021

Енді Қазығұрт ауданына қарасты бірнеше ауыл тұрғындары отын тасып, көмір жағып күнелтпейтін болады.  Себебі Қызылсеңгір, Тұғыртас, Заңғар, Қақпақ, Сырлысай ауылдарына табиғи газ берілді. Көп жылдар бойы көгілдір отынға қол жеткізе алмай жүрген жұртшылықтың қуанышында шек жоқ.  Аудан басшысы алдағы уақытта қалған ауылдарға газ кіргізу жоспарда бар дейді.