Түркістан
EN

Қазақстандық виолончелист Бағжан Октябрь "Жан терапиясы" атты гастрольдік концертімен Түркияда болды

145
08.12.2023

Түркияда талантты виолончелист Бағжан Октябрьдің жеке концерті өтті. Кеште камералық оркестрдің сүйемелдеуімен қазақ әндерімен қатар әлемдік танымал шығармалар да шырқалды. Бір ерекшелігі, онда барлық шығарма фонограммасыз ойналды. Сондықтан түркиялық өнер сүйер қауым қазақстандық музыканттың өнерін ыстық ықыласпен қабылдап, жоғары бағалады.  Айта кетейік, өнерпаздың «Жан терапиясы» атты жеке концерті Түркияның Ыстанбұл, Бурса, Анталия, Конья қалаларында өтіп, ел астанасы Анкарада қорытындыланды.