Соңғы жиырма жылда болмаған қыс келді. Ел синоптиктері осылай деп отыр. Айтуларынша, Қазақстанда биыл қыс ерекше жылы болады. Және бұл мүлде аномалия емес дейді олар. Алайда жақын күндері республиканың басым бөлігінде күн-райы күрт суытпақ. Елдің солтүстік қиырында сынап бағанасы -42 градусқа дейін төмендейді деген болжам бар. Ендеше биыл қыс қандай болады? Алдағы күндері ауа температурасы қалай құбылады? Тілші материалына зер салайық!