Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін қолдауға бағытталған қорға 7 млн теңге салды. Бұл QAZAQ TILI қорына аударылған алғашқы жарна. Бұл туралы Рауан Кенжехан өзінің фейсбук парақшасында хабарлады. Енді жиналған қаржы басқаруға беріліп, инвестицияланады. Кейін «Қазақ тілі» ұйымының жарғылық міндеттерін орындауға жұмсалады. Атап айтсақ, мемлекеттік тілді дамыту, модернизациялау және оның қолдану аясын кеңейтуге бағытталған жобаларға грант негізінде беріледі. Бұл істі беделді қоғам қайраткерлері, ғалым-лингвистер мен тәуелсіз қамқоршылар кеңесі бақылап отырады.