Қазақстандықтар бала құқығына қатысты шағымдармен тікелей Біріккен Ұлттар Ұйымына жүгіне алады. Бүгін Сенат депутаттары халықаралық конвенцияға қатысты хаттаманы ратификациялады. Құжатқа сәйкес, Қазақстандағы барлық деңгейдегі соттар қарап шығарған шешіммен келіспеген жағдайда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары жөніндегі комитетіне шағым түсіруге болады. Ал халықаралық ұйымның комитеті әрбір істі қарап, нақты шешім қабылдайды. Жалпы Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің дерегінше биыл елде 25 бүлдіршін кісі қолынан көз жұмған. Сондықтан елде жазаны қатаңдату да ұсынылып отыр.