Түркістан
EN

Базар бағасы түсіп жатыр

61
07.12.2023

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік қымбаттауы мүмкін. Бұл Сауда және интеграция министрі Арман Шаққаливетің болжамы. Оның ішінде жұмыртқа, ұн, сиыр еті, құс еті, картоп пен пияз өнімдерінің бағасы құбылады. Облыс орталығы Түркістанның базар бағасына шолу жасап едік. Базарда мүлдем маза жоқ десек те болады. Саудагерлер тауарды қымбаттатпақ тұрмақ өз бағасына да сата алмай отыр. Адам аз. Соған байланысты баға біршама төмендеген. Мәселен, ұнның 50 келісі 8200 теңге мен 10500 теңге арасында саудаланса, картоп 100-150 теңге, пияз 100-120 теңгеден. Ал 5 литр сұйық май 2500- 3300 теңгеден сатылуда. Жаңа жылға қарай қалай құбылары белгісіз. Қазіргі ахуал бойынша баға күзден бері 30 пайызға төмендеген.