Екі зейнеткерді қатыгездікпен өлтірді деген күдікті ұсталды. Оқиға Шығыс Қазақстан облысында болған. Бүгінде қылмысқа қатысы бар 37 жастағы күдікті тергеуге алынды. Жәбірленушіні жақтырмаған ол кісі өлтірген соң үйді әдейі өртеп кетіпті. Ал қылмыс қаруын үй маңына лақтырып, оқиға орнынан қашып кеткен. Құтқарушылар жалынды сөндірген соң, еденде жатқан екі мәйітті көрген. 74 жастағы ер мен 83 жастағы әйел адамның денесінде пышақ жарақаты болған. Қазір күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.