Түркістан
EN

Жартылай дайын өнімдер

105
07.12.2023

«Еңбек етсең ерінбей-тояды қарның тіленбей» демекші бүгінде кәсіп бастап, ісінің берекесін көріп отырған жандар жетерлік. Мәселен түркістандық кәсіпкер Әйгерім Номанова жас та болса, бірнеше істің басында жүріп, ел ішінде алғысқа бөленіп жүрген жандардың бірі. Іскер келіншектің түрлі тәтті мен дәмді дайындайтын өз цехы мен наубайханасы бар. Дайын өнімді қаладағы 20-дан аса дүкенге жеткізіп, 2 мейрамханамен серіктес болып отырған жайы бар.