Қазақстан әуежайларында халықаралық рейстерге контактісіз қатынауды енгізуді жоспарланып отыр. Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев аймақтық симпозиумда айтты. Ол жақын арада жолаушыларға тіркеу пункті мен шекаралық бақылауға барудың қажеті болмайтынын айтты. Жолаушыға электрон құжаттары мен биометриялық деректерін сканерден өткізетін арнайы аркадан өту жеткілікті.