2040 жылға қарай әрбір екінші отандасымыз ауыз сусыз қалуы әбден мүмкін. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек осылай дейді. Ол суды үнемдеуді қазірден бастау керектігін, ал құлақ аспағандарды қатаң жазалауды ұсынды. Сондай-ақ ағын суға да алаңдаушылық білдірді. Айтуынша, елі шінде 342 су қоймасы, 219 дамба, 119 су торабы бар екен. Оның 300-ден астамы мемлекет иелігінде. 895-і коммуналдық меншікте болса, ең қызығы 200-ден астамы жекенің қолында болып шығыпты. Халық қалалулысы бұл нысандарды бақылауға алу қажеттігін айтты.